МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТҮПҚАРАҒАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Адрес: Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Н.Онгалбаев көшесі,30
Телефон: 8(72938)28-3-02
Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің "Оқу-әдістемелік орталығы" – ауданның білім беру ұйымдарына әдістемелік, ақпараттық және ұйымдастырушылық қолдау көрсететін кәсіби орталық. Орталық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының қызметін әдістемелік қамтамасыз ету, оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын жетілдіру, заманауи педагогикалық тәжірибелерді енгізу және тарату бағытында жұмыс жүргізеді.
Орталықтың негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарының қызметін тиімді әдістемелік сүйемелдеу арқылы білім сапасын арттыруға ықпал ету, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту және білім беру жүйесінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
Оқу-әдістемелік орталығы білім беру ұйымдары мен педагогтерге жан-жақты қолдау көрсетіп, келесі бағыттар бойынша қызмет атқарады:
- білім беру бағдарламалары мен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеу және жетілдіру жұмыстарына қатысу;
- педагогикалық және басшы кадрлардың кәсіби қызметін әдістемелік қамтамасыз ету;
- білім беру ұйымдарының сұраныстарына сәйкес оқу-тәрбие процесін әдістемелік сүйемелдеу жүйесін қалыптастыру;
- ауданның білім беру ұйымдарының қызметін біліктілікті арттыру мекемелерімен және қоғамдық кәсіби бірлестіктермен үйлестіру;
- тиімді педагогикалық тәжірибелерді анықтау, зерделеу, жинақтау және тарату;
- инновациялық білім беру жобалары мен үдерістерін әдістемелік сүйемелдеу;
- білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізуге және заманауи технологияларды пайдалануға қолдау көрсету;
- білім беру ұйымдарына басқарушылық және әдістемелік консультациялар ұйымдастыру;
- әдістемелік жұмыстардың сапасына мониторинг жүргізу және ұсыныстар әзірлеу;
- білім беру ұйымдарының даму бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;
- ресурстық білім беру ұйымдарының желісін қалыптастыру және олардың қызметін үйлестіру;
- педагогтердің кәсіби даму қажеттіліктерін анықтау және талдау
- әдістемелік кеңестер мен консультациялар өткізеді;
- кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастырады;
- семинарлар, тренингтер, вебинарлар және шеберлік сыныптарын өткізеді;
- шығармашылық топтардың, әдістемелік бірлестіктердің және зертханалардың жұмысын үйлестіреді;
- педагогтердің өзін-өзі дамыту және үздіксіз білім алу қызметіне қолдау көрсетеді;
- аттестаттау рәсімдерінде ақпараттық және ұйымдастырушылық көмек көрсетеді;
- педагогтердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау жұмыстарын әдістемелік тұрғыдан сүйемелдейді.
Орталық дарынды және қабілетті оқушыларды анықтау, қолдау және дамыту жұмыстарын жүйелі түрде жүзеге асырады.
Осы бағытта:
- пәндік олимпиадалар ұйымдастырады;
- ғылыми жобалар конкурстарын өткізеді;
- шығармашылық байқаулар мен көрмелер ұйымдастырады;
- республикалық және өңірлік зияткерлік іс-шараларға қатысуды үйлестіреді;
- дарынды балалармен жұмыс жасаудың тиімді тәжірибелерін жинақтайды және таратады;
- оқушылардың ғылыми-зерттеу және шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасайды.
Тәрбие және қосымша білім беру жұмыстары
Орталық аудан мектептеріндегі тәрбие жұмысын әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз етеді және тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған іс-шараларды үйлестіреді.
Атап айтқанда:
- тәрбие жұмысы бойынша директор орынбасарлары мен тәлімгерлерге әдістемелік қолдау көрсетеді;
- «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қызметін үйлестіреді;
- рухани-адамгершілік, патриоттық және азаматтық тәрбие бағытындағы жобаларды жүзеге асырады;
- туризм және өлкетану жұмыстарын ұйымдастырады;
- үйірмелер мен аула клубтарының жұмысын дамытуға ықпал етеді;
- оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға жағдай жасайды.
Оқушылардың демалысы мен сауықтыру жұмыстары
Орталық оқушылардың демалысын тиімді ұйымдастыру бағытында жұмыс жүргізеді.
Осы мақсатта:
- каникул кезеңдерінде оқу-сауықтыру және демалыс лагерьлерін ұйымдастырады;
- туристік-өлкетану бағытындағы іс-шараларды өткізеді;
- оқушылардың жазғы демалысын мазмұнды ұйымдастыруға ықпал етеді;
- республикалық оқу-сауықтыру орталықтарына оқушыларды жіберу жұмыстарын үйлестіреді.
Әскери-патриоттық тәрбие
Орталық аудан мектептерінің 10-сынып оқушылары үшін алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәндері бойынша оқу-далалық жиындарды ұйымдастырады, әскери-патриоттық тәрбиені дамытуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады.
Орталық білім беру жүйесінің дамуына қажетті ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жүзеге асырады:
- оқу-тәрбие процесінің мазмұнына талдау жүргізеді;
- әдістемелік өнімдер мен оқу құралдарын әзірлейді;
- психологиялық-педагогикалық зерттеулер нәтижелерін білім беру тәжірибесіне енгізеді;
- жаңа бағдарламалар мен технологияларды сараптайды және енгізуге ұсыныстар береді;
- білім беру ұйымдарын қажетті әдістемелік және ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.
Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің "Оқу-әдістемелік орталығы" – педагогтердің кәсіби дамуына, білім беру сапасының артуына және оқушылардың жан-жақты қалыптасуына бағытталған аудандық білім беру жүйесінің маңызды әдістемелік тірегі болып табылады.































